Неймар ПСЖ футболшыларымен алғашқы кешкі ас кезінде бразилиялық ән орындап берді.

25 жастағы футболшының ән айтқан видеосын ПСЖ ойыншысы Марко Верратти өзінің инстаграм парақшасында жариялады.

Неймарды қолдау үшін әнге отандастары Дани Алвес пен Маркиньос қосылды.

Естеріңізге сала кетсек, Неймар «Барселонадан» ПСЖ-ға 222 млн долларға ауысқан болатын. Бұл футбол әлеміндегі рекордтық трансфер саналады.