9 тамызда 17:00-де және 10 тамызда 14:00-де «Халық Аренада» «Алматы» мен «Астана» хоккей клубтары жолдастық кездесу өткізеді.

Матчтан кейін «Алматы» Астанаға аттанып, «Астанамен» сол жақта тағы бір жолдастық ойын өткізеді. Артынша Павлодарға барады. Бұл қалада ерлер арасында ҚР Жоғары лига командалары ел кубогын сарапқа салады.