«Легия» футбол клубының бас бапкері Яцек Магера «Астанаға» қарсы ойыннан кейін пікір білдірді.

«Бұл жолы біз әлдеқайда жақсы ойнадық. Жігіттер соңына дейін тырысып бақты. Жеңіске деген құлшынысымыз да жоғары болды. Өкінішке орай, жеңіске жетуімізге аздаған сәттіліктер жетіспей қалды. Бүгінгі ойынымызға көңілім толғанмен, келесі кезеңге өте алмағанымызға іштей қынжылып отырмын. Жанкүйерлерімізге алғыс айтамын. Ең бірінші, дисциплина, екінші Жуниор Кабанангаға қарсы тұрар адам жетіспеді. Енді «Легияны» Еуропа лигасына түсу үшін үлкен сынақ күтіп тұр. Біз міндетті түрде топтық кезеңге жолдама алуымыз керек. Осыған қатты мән беретін боламыз. Әрине, оған дейін Польша чемпионатында өткізетін екі ойынымыз бар», - деді бас бапкер.