«Легия» футбол клубының бас бапкері Яцек Магера «Астанаға» қарсы ойыннан кейін пікір білдірді.

Бұл жолы біз әлдеқайда жақсы ойнадық. Жігіттер соңына дейін тырысып бақты. Жеңіске деген құлшынысымыз да жоғары болды. Өкінішке орай, жеңіске жетуімізге аздаған сәттіліктер жетіспей қалды. Бүгінгі ойынымызға көңілім толғанмен, келесі кезеңге өте алмағанымызға іштей қынжылып отырмын. Жанкүйерлерімізге алғыс айтамын. Олар бізді соңғы секундтарға дейін қолдады.

- «Астананың» жаттықтырушысы «Легияның» жақсы ойнағанын ерекше атап өтті. Бірақ бір ғана голдан бөлек, келесі кезеңге өтуге не кедергі болды?

- Ең бірінше, дисциплина, екінші Жуниор Кабанангаға қарсы тұрар адам жетіспеді. Енді «Легияны» Еуропа лигасына түсу үшін үлкен сынақ күтіп тұр. Біз міндетті түрде топтық кезеңге жолдама алуымыз керек. Осыған қатты мән беретін боламыз. Әрине, оған дейін Польша чемпионатында өткізетін екі ойынымыз бар.

- «Легия» бүгін үш мәрте ғана дәл соққы жасай алды...

- Иә, сәттілік жетіспеді. Қақпаны дәл көздегенмен, ойға алған жоспар орындалмады. «Астана» тоғыз ойыншысымен қорғаныста ойнаған сәттер де болды.

- Мұндай маңызды ойында алаңға тәжірибесі аз, жас Себастиан Шиманьскийді жібердіңіз...

- Ұжымда қанша ойыншымыз болса, бәрінің өнерін ортаға салуға тырысамын. Шиманьский жас болғанмен, талантты ойыншы. Жаттығуларда өзін аямай, барын салып дайындалып жүреді. Бүгінгі ойынға шығуға лайықты екеніне көз жеткізген болатынмын. Осы қалпында жалғастырар болса, биік белестерді бағындыратын болады. Оның жеңіске деген құлшынысы жалын атқан көздерін анық байқалып тұрады.

- Бұл кезеңде негізгі жеңімпаз алғашқы ойында-ақ анықталып қойған деп айтуға бола ма?

- Олай айтпас едім. Жеңуімізге болатын еді. Бірақ сәттілік біздің жақта болмады. Осыған қынжылып отырмын.

Дереккөз: www.fca.kz