«Манчестер Ситидің» қорғаушысы Эльяким Мангала мәскеулік «Спартактың» ұсынысынан бас тартты.

Бұл туралы британиялық The Telegraph басылымы жазады. Француз футболшысын «Манчестер Сити» ағымдағы жылы сатуға ниетті.

Өткен маусымда 26 жастағы футболшы испаниялық «Валенсияда» жалда ойнаған болатын. Барлығы 30 ойынға қатысып, 2 гол соққан.