Литвалық «Судува» Еуропа лигасының плэй-офф кезеңіне жолдама алды.

Қазақстандық бапкер Владимир Чебурин жаттықтыратын «Судува» үшінші іріктеу кезеңінде швейцариялық «Сьонды» екі ойынның қорытындысы бойынша 4:1 есебімен жеңді.

Бұған дейін Чебуриннің командасы Еуропа лигасында беларусьтік «Шахтер» мен латвиялық «Лиепаяны» жарыс жолынан шығарып тастаған болатын.

Енді «Судуваның» плэй-офф кезеңіндегі қарсыласы алдағы жұмада болатын жеребеде анықталмақ.