«Қайраттың» бапкерлік штабы клуб Академиясына барды. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі хабарлады.

Команданың бас бапкері Карлос Алос Феррер, сондай-ақ, оның көмекшілеріМарти Матабош пен Николас Кьетино Тимур Сегізбаев Академиясының тәрбиеленушілеріне шеберлік сабағын өткізді. Мамандардың жаттығуы 2004 жылы туған жас футболшылармен өтті.

Сабақ бой қыздырумен басталды, артынша бапкердің көмекшілері шыдамдылыққа жаттығу өткізді. Осыдан соң команданың бапкері, жас футболшылармен жұмыс істеуде үлкен тәжірибесі бар Карлос Алос Феррер бірнеше тактикалық жаттығулар жасатты.

Академияда айтқандай, балалар мұндай тәжірибеге қуанышты және испаниялық мамандардың тағы да қонаққа келуін күтеді.