Қазақстанның Польшадағы елшісі Марғұлан Баймұхан УЕФА Чемпиондар Лигасы үшінші іріктеу кезеңі аясында өтетін «Легия» - «Астана» арасындағы ойын алдында елордалық команданың жаттығу жұмыстарына келіп, ойыншыларға маңызды матч алдында сәттілік тіледі. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі хабарлады.

- Мен Қазақстан мен Польшаның командалары өзара кездесіп, елордалық команданың Варшаваға келгеніне қуаныштымын. Бұл біз үшін үлкен мереке. Польшада 800-ге жуық қазақстандық азаматтар тұрады. Біз бүгінгі ойында өз еліміздің намысын қорғайтын «Астана» командасын барынша қолдауға дайынбыз. Елордалық командаға жеңіс тілеймін.

- «Легия» жанкүйерлерінің алдағы ойын туралы пікірі қандай?

- Поляк жанкүйерлері барлық еуропаға танымал. Алғашқы ойындағы командаларының сәтсіздігінен кейін, легиялық жанкүйерлер осы кездесуде командасына қызу көрсететіні белгілі. Ертең стадионға 30 мыңнан астам жанкүйер жиналады деп күтілуде. Дегенмен, «Астана» командасы да қолдаусыз қалмайды.