«Барселонадан» кетіп, жақын арада ПСЖ ойыншысы атанатын Неймар Лионель Мессиге жауап қатты. Аргентиналық шабуылшы Неймарға сәттілік тілеп, онымен бірге ойнау үлкен ләззат сыйлағанын айтқан болатын.

«Рахмет, бауырым. Сен сағынатын боламын», - деді Неймар Мессиге «Инстаграмға».

Айта кетейік, Неймар «Барселонада» 2013 жылдан бері ойнаған. Каталониялықтар Неймар үшін «Сантосқа» 88,2 млн еуро берген еді, ал оны ПСЖ-ға 222 млн еуроға сатады.