Ақтөбе қалалық мешіті дін өкілдері мен теологтардың, жат ағым жетегінде жүргендердің арасында боулингтен жарыс өткізді. Жарысқа барлығы 17 команда қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы 10 мешіттің имамы мен жамағат, «Аңсар» ақпараттық -талдау орталығының теологтары, жат ағым жетегінде жүргендер бүгін боулинг ойнап, өзара пікір алмасуға келісті.