Кардиффте (Уэльс) УЕФА-ның Атқарушы Комитетінің отырысы өтті. Жиында комитет мүшелерінің жаңа құрамы бекітілді.Комитеттер құрамындағы Қазақстан өкілдері:- Ұлттық қауымдастықтар комитеті - Қазақстан футбол федерациясының Бірінші вице-президенті - Бас хатшы Қаныш Әубәкіров;- «Хет-Трик» бағдарламасының комитеті - Қазақстан футбол федерациясының вице-президентінің міндетін атқарушы Айсұлтан Назарбаев;- Клубтарды лицензиялау комитеті – Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы директоры - Бас хатшының орынбасары Әміржан Түсіпбеков;- Маркетинг кеңестерінің комитеті - Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысының кеңесшісі Ринат Ахметов;- Fair Play және УЕФА әлеуметтік жауапкершілігі комитеті – «Қайрат» футбол клубының Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев.