Елордалық «Астана Моторс Vino 4ever» велокомандасы Қытай елінде өткен «Tour of Qinghai Lake» халықаралық жарысында төртінші орыннан көрінді, деп хабарлайды ProSports.kz сайты.

13 күнге созылған жарыста 23 команданың ішінен «Цинхай Tianyoude» клубы үздік шықты. Ал «Астана Моторс Vino 4ever» клубы жалпы есепте төртінші орыннан көрініп, «Азияның ең үздік командасы» атанды.

Сонымен қатар, «Астана Vino» велоклубының шабандозы Евгений Гидич соңғы 13-ші кезеңде топ жарып, жарысты жалпы есепте екінші орынмен аяқтады.