Жартылай орта салмақта әлем чемпионы Эррол Спенстің айтуынша, ол Геннадий Головкин – Сауль Альварес кездесуінде мексикалықты фаворит санайды.

«Мен Канелоны таңдаймын. Ол жылдамырақ. Головкинге қарағанда көбірек соққы жасап, белсендірек қимылдайды деп ойлаймын. Меніңше, Головкин тек бір ғана соққыдан жасап тұрады. Канело жеңеді деп ойлаймын», - деді Спенс.