Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы үшін Азия чемпионаты сәтті өтуде. Бүгін Қазақстан жарыстың жартылай финалында Оңтүстік Корея құрамасын жеңді.
Жартылай финал Қазақстан құрамасы үшін сәтсіз басталған еді. 0-2 есебімен жеңіліп жатқан Қазақстан жігіттері кездесудің қалған бөлігінде ширақ қимылдап жалпы есепте жеңіске жетті.
Азия чемпионаты
Жартылай финал
Оңтүстік Корея – Қазақстан 2:3 (20:25, 15:25, 25:17, 25:23, 16:14).
Қазақстан құрамасының финалдағы қарсыласы Индонезия – Жапония кездесуінде белгілі болады.
Комментарии