«Барселона» италиялық «Ювентус» пен Аргентина құрамасының шабуылшысы Пауло Дибалаға қызығушылық танытып отыр. Sports.es басылымының хабарлауынша, каталониялық клуб Дибала үшін 120 миллион еуро беруге дайын. Себебі «Барселонаның» шабуылшысы Неймар ПСЖ-ға ауысуы мүмкін. Дибала Неймардың орнына ауысуы ықтимал. Айта кетейік, 23 жастағы Дибала «Ювентуста» 2015 жылдан бері ойнап келеді. Туриндіктермен бірге ол Итлаия чемпионаты мен кубогын екі реттен жеңіп алды. Ал былтыр Чемпиондар лигасының финалына шықты.