Бүгін «Медеуде» воркаут пен кроссфиттен әуесқойлар арасында жарыс өтті. Ал осы спорт түрлерінің кәсіпқойлары төрешілік етті. 150 қатысушы өзара мықтыны анықтады, - деп хабарлайды Алматы қаласының ақпараттық-спорт хабы.

Манас Рыскеев, жарыс ұйымдастырушысы:

- Біз жарысты салауатты өмір салтын насиxаттау, осы спорт түрлеріне жастарды қызықтыру мақсатында өткіздік. Сонымен қатар, ақшалай сыйлық спортшылардың жеңіске деген ынталарын арттырды деп ойлаймын. Біз бірінші орынға 250 мың теңге, екінші және үшінші орындарға 150 және 100 мың теңгеден тағайындадық. Шамамен 50 команда тіркелді, әр ұжымда үш әуесқойдан бақтарын сынады.

Жалпы жарыс 5 іріктеу кезеңінен тұрды.Екі кезеңнен соң 30 команда ғана қалды.Соңғы үш кезеңде 10 команда жарыстан тыс қалды.Нәтижесінде соңғы ондықта үш үздік ұжым ақшалай сыйлыққа ие болды.

Станислав Котов, жарыс төрешісі:

- Мен фитнес клубта жаттықтырушы болып жұмыс істеймін. Бүгін жас қатысушыларды бағалап,әділ бағамызды бердік.Барлығы жақсы дайындалған, алғаш рет қатысып жатқандар да бар. Бірақ, барлығының физикалық дайындығы жаман емес. Бұл тәжірибе, осылайша, олар үйренетін болады, сөйтіп келесі жарыста шеберліктерін арттырады. Қазақстанда бес жыл ішінде кроссфит пен воркаут қарқанды дамып, қазіргі таңда, тек ересектер арасында ғана емес, жеткіншектер арасында да танымал.

Әр іріктеу кезең түрлі жаттығулардан тұрды.Жалпы жарыс кезеңдерінде кроссфит пен воркауттың барлық әдістері толық қамтылды.

Шыңғыс Әміржанов, жарыс қатысушысы:

- Көңіл-күй керемет, жалпы қоршаған ортадан ләззат алдық. Біз ақша үшін емес, бақ сынап, жаттығып, тәжірибе жинауға келдік. Сонымен қатар, мұндай жарыстар спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырады. Біз өз бестігімізде үздік нәтиже көрсеттік, қалғандарынан оздық деп ойлаймын. Ештеңе жеңбесек те, қатысқанымыз үшін өкінбейміз.

Жарыс қорытындысы бойынша «Интернешенел реактор» алтынан алқа тақса,"Кроссфит Астана" күміспен күптелді.Ал "Безумный макс Арлан" командасы қоланы қанағат тұтты.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.