Павлодарлық «Ертіс» клубның бас бапкері Димитар Димитров «Ақжайыққа» қарсы өткен матч жайлы пікірін айтты. Бұл кездесуде оның шəкірттері 0:1 есебімен жеңіске жетті. – Ауыр ойын болды. Алаң иелеріне де, бізге де жеңіс қажет болды, өйткені біз соңғы үйдегі кездесулерде қателіктер жібердік. Бұл жеңіс бізге психологиялық тұрғыда аса қажет болды. Жігіттер тырысты, алаңда бар күшін салды, бірақ, бірнеше жақсы мүмкіндікті пайдалана алмады. Бугаев екі-үш рет бірге-бір шығып, қақпашыдан айласын асыра алмады. Ойын сапасы мен допқа иелік ету бойынша мінім бар. Дегенмен, бұл біздің команданың лайықты жеңісі деп есептеймін.