Италиялық теннисші Фабио Фоньини Швейцарияның Гштаад қаласында өткен АТР турнирін жеңіп алды.

Финалда 30 жастағы Фабио германиялық Янник Ганфманнан айласын асырды – 6:4, 7:5.

Айта кетейік, бұл Фоньинидің биылғы маусымдағы алғашқы кубогы.