Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман Геннадий Головкин және Лупе Пинтордың бірге түскен суретін жариялады.

«Бокстың екі иконасы: GGG мен Лупе Пинтор», - деп жазды Сулейман суреттің қасына.

Айта кетейік, Головкин орта салмақта WBC чемпионы саналады. Ал Пинтор ең жеңіл және екінші жеңіл салмақтарда осы ұйымның чемпионы болған еді.