Кәсіпқой букмекер Джоуи Оддесса қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге аралас жекпе-жекте өнер көрсететін Тайрон Вудлимен кездесуді ұсынды.

«Вудли – Головкин, бокс жекпе-жегі. Осы кездесу өтсін!», - деп жазды букмекер.

Айта кетейік, бүгін түнде 35 жастағы Вудли жартылай орта салмақта UFC чемпионы белбеуін қорғап қалған болатын. Ал Головкин 16 қыркүйекте мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасады.