Белгілі промоутер Лу ДиБелла америкалық Флойд Мэйвезер мен ирландиялық Конор Макгрегор арасындағ кездесу туралы айтып берді.

«Шын айтсам, Мэйвезер – Макгрегор жекпе-жегі басқа бокс кештеріне әсерін тигізуде. Барлық жанкүйерлер тек Мэйвезер мен Макгрегордың кездесуі туралы ғана ойлайды. Бірақ бұл бокс жекпе-жегі емес – спектакль. Бұл кездесу бокстың толығымен бизнеске айналғанын дәлелдейді», - деді Ли ДиБелла.