Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Әбілхан Аманқұл Prosports.kz тілшісіне Германияда өтетін әлем чемпионаты мен WSB бүкіләлемдік бокс сериясындағы «Арландардың» жеңісі туралы айтып берді.

- Әбілхан, денсаулығың қалай? Жарақатынан емделдің бе?

- Рахмет, бәрі жақсы. Қолымды жарақаттап алған болатынмын. Бірақ әлем чемпионатына дейін толық айығып кетемін деген ойдамын. Бапкерлік құрамның нұсқауын орындасам, әлем біріншілігінде бабында боламын.

- Әлем біріншілігіне қойған мақсатың қандай?

- Бұйыртса, әлем чемпионатынан алтын жүлдемен оралуға тырысамын.

- Қарсыластарыңды зерттеп үлгердің бе?

- Иә, зерттеп үлгердім. Мықтыларымен кездесіп те көрдім. Қазір тыңғылықты дайындалып жатырмыз.