«Ақтөбе» командасының бас бапкері Владимир Муханов Премьер-Лига аясында өткен «Қайсарға» қарсы матч (1:1) пікірін білдірді.-Әуелі бүгін мықты қолдау көрсеткен жанкүйерлерге рақмет айтқым келеді. Өкінішке орай, нәтиже біз қалағандай емес. Біз жеңілген жоқпыз, бірақ жеңіске дайындалдық, жоспарлаған ұпайымыздан қағылдық. Мен бас бапкер ретінде бастапқы құрам таңдағанда қателік жібердім деп ойлаймын. Барлық шабуылдаушы ойыншыларымызды бірінші таймда шығардық, алайда алаң ортасында қиыншылықтар болды, допқа талас бойынша да бірінші таймда есе жіберіп қойдық. Бүгін ойыншылар алаңда шектен тыс қобалжыды. Алғаш рет алты легионер ойнады. Біздің екінші таймда ойын тағдырын толықтай өз қолымызға алғанымызбен, көптеген гол соғатын мүмкіндіктер ұйымдастырғанымызға қарамастан, команда әлі ойын ритмін тапқан жоқ. Біз екінші таймда тек Обрадовичтен басқа ойын күшейтетін ойыншыны алаңда қалдыруымызға болатын еді, Шимкович пен Савичтерді алмастырмауға болатын еді. Менің ойымша, біз қарсыласты одан әрі басып тастауымызға болатын еді. Өкінішке орай, тең түстік. Бізге әлі көп жұмыс жасау керек, ысыла түсу керек. -Жереми Фог-Поррьені қалай сипаттар едіңіз? Оның шама-шарқы қандай деңгейде? -Ол сенімді әрі тәртіпті ойнайтын ойыншы. Өте тәжірибелі. Командаға бірден сіңісіп кету оңай емес. Менің ойымша, ол команданың көшбасшыларының біріне айналады. Ол қазір шабуылға көп араласпай, қорғанысқа көңіл бөле ойнап жүр. Бәрі өз уақытымен болады. Ол допқа жақсы таласады, дегенмен ол да ойын барысында қателікке бой алдырды, бірақ гол оның орнынан келген жоқ. Гол тірек аймақ пен орталық қорғаныс арқылы кірді. Жереми жақсы ойнады. Ол команда қорғанысына сенімділік алып келеді деген ойдамын.