Күш қолданылатын спорт түрлері және спорттық жекпе-жек конфедерациясының ұйымдастыруымен биыл екінші рет «Конфедерация кубогы» өтеді. Астанада Конфедерация кубогы жеребесі тартылды. Жеребе нәтижесі келесідей А тобы: БҚО, Алматы облысы, Павлодар облысы, Атырау облысы; B тобы: СҚО, Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы, ШҚО; С тобы: Ақтөбе облысы, Астана қаласы, Қостанай облысы, ОҚО; D тобы: Қызылорда облысы, Жамбыл облысы, Алматы қаласы, Ақмола облысы Іріктеу кезеңдері келесідей өтеді: 7-8 қазан - Тараз қаласы D тобын қабылдайды 14-15 қазан - Талдықорған қаласы А тобын қабылдайды 21-22 қазан - Шымкент қаласы С тобын қабылдайды 28-29 қазан - Ақтау қаласы В тобын қабылдайды Жеребе тарту рәсіміне Олимпиада және әлем чемпионаттарының жүлдегерлері қатысты. Аталған жарысқа еліміздің 16 өңірінің саңлақтары спорттың 5 түрінен жарысқа түседі. Жарыстың ерекшелігі бір мезетте көрермендер бокс, грек-рим күресі, еркін күрес, дзюдо және таеквондо спорт түрлері бойынша сайыстарды тамашалай алады. Сол жарыста әр спорт түрі бойынша үздік шыққан командалар желтоқсан айының 2-3 аралығында Алматы қаласында өтетін жартылай финал және ақтық кезеңде бақтарын сынайтын болады. Жүлде қоры 125 000 000 теңгені құрайды. Спорт түрі бойынша жеңіске жеткен команда 25 000 000 теңгеге ие болады.