Астанада Новак Джокович пен Рафаэль Надаль арасында теннис матчы өтеді. Бұл туралы Prosports.kz тілшісіне Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев айтты.

- Астанада Джокович – Надаль матчы өтеді деген ақпарат бар. Бұл қаншалықты рас?

- Бұл шындық. Қазір нақты ештеңе айта алмаймын, оосы оқиғаға арналған арнайы баспасөз-мәслихаты өтеді. Шамамен, 3-4 тамызда. Ал билеттер сатылымға 5 тамызда түседі. Бүгінде соңғы детальдарды жүргізіп жатырмыз, бірақ бұл шындық. Джокович пен Надаль Астанаға келеді.