Қазақстандық боксшылар Еділ Қожамбердиев пен Ескендір Харсан 22 шілдеде Шарлотта қаласында (АҚШ) кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жектерiн өткізеді. Қожамбердиевтің (76,2 келі) қарсыласы америкалық Кавариус Хаскинс (0-3-0), ал Ескендірдің қарсыласы (53,5 келі) Трэвис Барнс болмақ. Айта кетейік, кездесулер 4 раундқа жоспарланған.