Қазақстандық арбитрлер бригадасы Еуропа лигасының іріктеу матчында қазылық етеді.

Норвегиялық «Бранн» мен словакиялық «Ружомберок» матчына бас төреші қызметіне қазақстандық Артем Кучин тағайындалды.

Оған қазақстандық реферилер көмектеседі: Евгений Бельский, Анатолий Ходин мен Денис Измайлов.

Словакияда өткен алғашқы матчта «Бранн» 1:0 есебімен жеңген болатын. Қарымта кездесу 20 шілдеде Астана уақытымен 23:00-де басталады.