НВО телеарнасының төрешісі Харольд Ледерман Головкин — Альварес жекпе-жегі жайлы пікірін білдірді.«Керемет жекпе-жек болады. Кімнің жеңіске жететінін алдын ала болжай алмаймын. Бірақ фаворит — Головкин. Физикалық тұрғыдан мығым, тәжірибесі де көп. Оның жойқын соққысын ескерсек, жекпе-жектің нағыз фавориті Головкин екені сөзсіз.

Дэнни Джейкобсқа қарсы кездесуде шал тартқан Головкинді көрдім. Не дегенмен жасы келді. Бірден көзге көрініп тұрды. Лемье мен Росадоны шаршы алаңда «жеп» қойса, Джейкобспен біраз арпалысты. Бұл жасының келгенінің белгісі», — дейді Ледерман.