Осы аптаның соңында 4-13 тамыз аралығында Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында өтетін жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын спортшылар толығымен анықталады.23 шілде күні әлем чемпионатының нормативін орындайтін уақыт бітеді. Бүгінгі таңда Қазақстаннан 9 алтет жолдама алып үлгерді. Оның төртеуі спорттық жүрістен қатысады. Атап айтсақ, Георгий Шейко, Полина Репина, Регина Рыкова және Диана Айдосова. Екі спортшы марафоннан барады (Ирина Смольникова мен Елена Наназиашвили). Сондай-ақ үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова мен Азия чемпионы Мария Овчинникова бар. Спринтерлерден Виктория Зябкина өнер көрсетеді.Бұлардан бөлек, Лондондағы әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігі 4х100 метрге эстафеталық жүгіруден әйелдер құрамасында сақтаулы.Әлем чемпионатында 16 құрама қатысады. Қазіргі кезде біздің құрама рейтингте 16-орында тұр. Егер ешқандай өзгеріс болмаса, Ольга Ольга Сафронова, Рима Кашафутдинова, Светлана Голендова, Юлия Рахманова, Анастасия Тулапина дүниежүзілік жарысқа жол тартады.