Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов «Голден Бой» промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отыруы ықтимал.

Бұл туралы оның агенті хабарлады.

Айта кетейік, Альварестің командасы Момыновты спарринг-лагерьге шақырған болатын. Егерде жерлесіміз өзін мықты қырынан көрсетсе, «Голден Бой» онымен келісімшартқа отырады. Бұл жағдайда Бобыржан Головкин – Альварес бокс кешінің андеркартында өнер көрсетуі мүмкін.