Италия құрамасының қорғаушысы Леонардо Бонуччи «Ювентустан» «Миланға» ауысты.

Ойыншы 2022 жылға дейін келісім-шартқа отырды. Итлиялық БАҚ өкілдеріне сенсек, 30 жастағы футболшы үшін «Милан» 40 млн еуро берген.

Естеріңізге сала кетсек, Бонуччи «Ювентуста» 2010 жылдан бері ойнаған болатын. Бұл уақыт ішінде қорғаушы 319 матч өткізіп, 22 гол мен 7 нәтижелі пастың авторы атанды.