Испаниялық Рафаэль Надаль мен серб Новак Джокович қыркүйектің аяғында Астанада «Барыс Аренада» теннис матчын өткізеді.

«Күнтізбені құрастырып жатқанда ең соңғы сәтте Астанада Надаль – Джокович матчын өткізу мүмкіндігі туды. Біз олардан бас тарта алмадық. Сондықтан күнтізбеде 28-29 қыркүйекті бос қалдырдық», - дейді ҚХЛ вице-президенті георгий Кобыянский.