Испаниялық жартылай қорғаушы Витоло мансабын мадтридтік «Атлетикода» жалғастырады.

«Севильяның» бұрынғы ойыншысы «матрасшылармен» бес жылдық келісімшартқа отырды.

«Атлетикоға» жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салынғаны үшін Витоло алдағы маусымның бірінші жартысын «Лас-Пальмас» сапында өткізеді. Ал келер жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Витоло «Атлетиконың» намысын қорғай алады.