«Ақжайық» пен «Ордабасы» арасындағы матчтың өтетін уақыты өзгертілді, деп хабарлайды Қазақстан Кәсіби футбол Лигасының баспасөз қызметі.

Қазақстан чемпионатының XXI тур «Ақжайық» - «Ордабасы» ойыны 2017 жылдың 23 шілдесінен 22-е ауыстырылды. Өтініш «Ақжайық» клубының атынан түскен, ал шымкенттік «Ордабасы» келісімін берген.