Бүгін ҚПЛ-дың 19-туры аясында оралдық «Ақжайық» алматылық «Қайратты» қабылдады.

Кездесудің фавориті саналған алматылық команда бірінші таймда қарыслас қапасынан саңылау таппағанымен, екінші таймда бразилиялық легионер Исаэль Барбозаның көмегімен есепті ашты. Осылайша, «Қайрат» кішігірім басымдықты ұстап, үш ұпай еншіледі.

ҚПЛ 19-тур. Орал қаласы

«Ақжайық» - «Қайрат» 0:1 (0:0)

Гол: Исаэль 58

«Ақжайык»: Төлебаев, Говедарица, Николич, Одибе, Аренас, Дудченко, Главина, Перцух, Шмидт, Сапанов (к), Ерсалимов

Қосалқы құрам: Котляр, Аяганов, Зульфикаров, Сапарбекулы, Заречный, Тапалов, Шабаев, Жарылгасов, Антипов

«Қайрат»: Покатилов, Суюмбаев, Элек, Шелдон, Ахметов, Куат, Бакаев, Анене, Исламхан (к), Исаэл, Гоу

Қосалқы құрам: Плотников, Рудосельский, Арзо, Тұрысбек, Балтабаев, Иличевич, Әбікен