Англиялық шабуылшы өзінің туған клубына қайта оралды.

«Манчестер Юнайтед» форварды Уэйн Руни «Эвертонға» ауысты.

Еңбек келісімі 2 жылға жасалған. Бұған дейінгі ақпараттарға сүйенсек, Рунидің жалақысы екі есеге азайған. Енді ол аптасына 150 мың фунт алып тұрады.

Айта кетейік, Руни «Эвертон» сапында 2002-2004 жылдар арасныда өнер көрсеткен болатын.

Ал МЮ сапында ағылшын шабуылшысы 13 жыл ойнап, АПЛ-ді 5 рет жеңіп алды. Сондай-ақ, бір мәрте Чемпиондар лигасының жеңімпазы болды.