«Ертіс» футбол клубына украиналық жартылай қорғаушы Владислав Огиря ауысты.

27 жастағы ойыншы «Ертісте» 94-ші нөмірмен өнер көрсетеді.

Огиряның негізгі позициясы – тіреуші жартылай қорғаушы. Бұған дейін «Заря», «Арсенал», «Олимпик» және «Александрия» сынды украиналық клубтарда ойнаған.