«Астананың» шабуылшысы Джордже Деспотович сербиялық Mondo.rs сайтына «Црвена Звезданың» қарсыласы «Ертіс» туралы айтып берді.

«Ертіс» - жақсы командасы, бапкері де жақсы. Оңай шағылар жаңғақ емес. Қашан да чемпионаттың жоғарғы жағында жүріп, үздік үштікке таласады. «Ертіс» шабуылда ойнағанды жақсы көреді, сондықтан екі матчта қызық болмақ. «Ертістің» басымдығына келер болсақ, қазір Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, оның үстіне, «Црвена Звезданы» ұзақ сапар мен жасанды алаң күтіп тұр. Ерекше айтарлықтай футболшысы жоқ, бірақ «Црвенаға» оңай болмайды», - деді Деспотович.

Айта кетейік, алғашқы матч 13 шілдеде Павлодарда, қарымта ойын 20 шілдеде Белградта өтеді.