Албаниялық «Скендербеудің» бас бапкері Илир Дайя Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Қайратқа» қарсы матчтар жайлы ойын айтты.

«Бұл ауыр матчтар болмақ. Екі командада да келесі кезеңге өтетін мүмкіндік бар. Біздің мүмкіндігіміз аз десеңіз, қателесесіз. Біз «Қайратқа» дайынбыз. Әрине, олар жақсы ойыншылармен жасақталған, «Атлантасты» екі рет сенімді жеңді. Бірақ біз Қазақстанда жақсы нәтижеге қол жеткізіп, өз алаңымызда соны пайдалануға тырысамыз», - деді бас бапкер.

Айта кетейік, «Қайрат» — «Скендербеу» арасындағы алғашқы матч 13 шілдеде Алматыда, қарымта ойын 20 шілдеде Горчада өтеді.