The Fight Guru твиттері WBA (Super), WBC, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің статистикасы туралы пікірін жазды.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин кәсіпқой бокста 37 жекпе-жек өткізіп, оның бәрін жеңіспен аяқтаған еді. Оның 33-ін нокаутпен бітірді. The Fight Guru бұл жеңістер сериясын америкалық Майк Тайсонның 1990 жылдың ақпанына дейінгі статистикасымен салыстырды (Тайсонда да осындай көрсеткіш болған).

«Головкинде осындай жеңіліссіз «рекорд» бар. Тарих тағы да қайталана ма? Біз осындай ащы тосынсыйды тағы көреміз бе?», - деп жазды твиттерде.

Естеріңізге сала кетсек, Тайсон 1990 жылы ақпанда Джеймс Дугласпен жұдырықтасып, сенсациялық түрде оныншы раунда жеңіліп қалған болатын.

Ал Головкин 16 қыркүйекте мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасады.