Кеше «Астананың» спорт директоры Александр Коночкин елордалық клубтың «Қайсарға» қарсы матчында төрелік еткен Игорь Алешиннің жұмысын өте төмен бағалаған болатын.

Бүгін «Астана» жанкүйерлеріне Алешиннің төрелігімен өткен матчтардағы даулы сәттердің топтамасын ұсынды.

Бұл топтамадағы даулы сәттер биыл өткен үш матчтан алынған: «Астана» - «Қайсар» (2-айналым), «Ордабасы» - «Астана» (1-айналым) және «Қайсар» - «Астана» (1-айналым).

«Астана» Алешин бұрыс шешім қабылдады деген 10 сәттің видеосын ұсынамыз.