«Црвена Звезда» қорғаушысы Душан Анджелкович Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі «Ертіске» қарсы матчтан не күтетінін айтты.

«Келесі кезеңге өткеніміз маңызды. Енді «Флорианаға» қарсы матчта жіберген қателерімізді «Ертіспен» ойындарда қайталамауымыз керек. Бәрін жөндеуге тырысамыз. Қазақстан ба? Сапардың ұзақ болатынына қарамастан, ойынға жақсы дайындалуымыз қажет», - деді Анджелкович.