Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша қазақстандық клубтар УЕФА рейтингісінде ортақ қоржынға 4,5 ұпай салды.

«Қайрат» пен «Ертіс» 2 ұпайдан сыйласа, «Ордабасы» 0,5 ұпай алып келді. 4,5 ұпайды төртке бөлсек, Қазақстан осы маусымда 1,125 ұпай жинап үлгерді.

Айта кетейік, «Астана» еурокубоктағы жорығын әлі бастаған жоқ. Сондықтан келесі аптада Қазақстан қоржынына қосымша ұпайлар әлі де түсуі мүмкін.

Осының арқасында біздің еліміз клубтық рейтингіде 28-ден 26-шы орынға көтерілді. Қазақстан рейтингіде Норвегия мен Шотландияны артта қалдырды.