Мадридтік команда жазғы трансферлік маусымаралықта колумбиялық футболшымен қош айтыспақшы.

AS басылымының мәліметтеріне сүйенсек, «Реал» Хамес Родригесті басқа клубқа сатуға дайын. «Бланкос» колумбиялық футболшының орнына «Бетистің» жартылай қорғаушысы Дани Себальосты сатып алмақшы.