«Ордабасының» бас бапкері Алексей Петрушин «Широки Бриегпен» өткен кездесу туралы айтты. - Командамның ойынына, нәтижеге көңілім толмады. Бірақ соған қарамастан жігіттер тырысты, соңына дейін ойнады. Жеңіске жеткіміз келген, алайда қолымыздан келмеді. Екі-үш гол соғатын мүмкіндігімізді пайдалана алмадық, - деді шымкенттік клубтың бас бапкері.Естеріңізге сала кетсек, қос кездесудің қорытындысы (2:0) бойынша босниялық команда келесі кезеңге өтті.