23 жастағы қақпашы Абылайхан Дүйсен елордалық клубқа қайта оралды.

Бұл туралы ел чемпионының баспасөз-қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, жаңа маусым алдында елордалық команда Абылайханды латвиялық «Спартак» клубына жалға берген болатын.

Айта кетер жайт, 12-ші шілде күні «Астана» «Спартакпен» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде кездеседі.