Футболдан УЕФА Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Қайрат» пен «Ертістің» қарсыласы белгілі болды.

Алматылық команда албаниялық «Скендербеумен» кездессе, керекулік ұжым сербиялық «Црвена Звездамен» күш сынасады.

Алғашқы ойындар шілденің 13-і, ал қарымта кездесулер 20-на жоспарланған. Екі қазақстандық командада бірінші матчтарын өз алаңында өткізеді.