«Широки Бриегтің» бас бапкері Горан Саблич «Ордабасымен» өткен қарымта матч (0:0) жайлы айтып берді. - Жігіттерді жеңіспен құттықтаймын. Келесі кезеңге әділетті өттік. Бүгін ойын өте тартысты өрбіді. «Ордабасы» жиі шабуылдады, алайда біз қорғаныста мұқият ойнадық. Өкінішке қарай, комбинациялық ойын көрсете алмадық. Соған қарамастан екі матчтың қорытындысы бойынша біз келесі кезеңдеміз, - деді босниялық клубтың бас бапкері.

Естеріңізге сала кетсек, «Широки Бриег» екі ойынның қорытындысы (2:0) бойынша Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне шықты.