Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегінің билеттері кездесуге екі ай қалғанда таусылуға жақын.

Жекпе-жек 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өтеді. Бүгінге дейін 20 мыңға жуық билет сатылып кеткен. Ал аренаға 21 мың адам сыяды.

Айта кетейік, жекпе-жек билеттерінің ең арзаны 300 доллар тұрады.