Атырауда Қазақстан бокс федерациясының (ҚБФ) құрметті президенті Асқар Құлыбаевтің жүлдесі үшін халықаралық турнир аяқталды. Ұйымдастырушылар - Атырау облыстық бокс федерациясы биылғы турнирді ҚБФ-тің құрметті президентінің 80 жылдық мерейтойына арнады. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Турнирге алты елден 100 боксшы қатысты. Нәтижесінде, чемпиондар атағын Сирияның 4 өкілі, Өзбекстанның бір спортшысы жеңіп алды. Қалғаны қазақстандықтарға бұйырды: екі «алтынды» Ақмола облысының спортшылары алса, Атырау, Алматы, Қарағанды облысының боксшыларына бір-бір «алтыннан» бұйырды. Бірінші орын алған боксшыларға - 2 мың доллар, екінші орын үшін - мың доллар, үшінші орынға бес жүз доллар ақшалай сыйақы берілді.

А. Құлыбаевтың 2017 жылғы жүлдесін иеленгендер тізімі:

49 келі

I - Хусейн Алмасри (Сирия)

II - Жандос Несіпжан (Алматы облысы)

III - Хозилжон Абдумуратов (Өзбекстан), Мерей Құрманғазы (Атырау облысы)

52 келі

I - Оразбек Асылқұлов (Ақмола облысы)

II - Рашит Салауатов (Атырау облысы)

III - Қуаныш Дүйсенбай (Маңғыстау облысы), Азат Үсенәлиев (Қырғызстан)

56 келі I

- Нұрсұлтан Көшеғұлов (Ақмола облысы)

II - Олжас Қалаубек (ОҚО) I

II - Абылай Сайлаубеков (Павлодар облысы), Еламан Хамитов (Алматы облысы)

60 келі

I - Ержан Ордабаев (Атырау облысы)

II - Бекнұр Ожанов (ШҚО) I

II - Асылхан Ұзақбаев (Атырау облысы), Эржан Тұрғұмбеков (Қырғызстан)

64 келі I - Андрей Лейхнер (Алматы облысы) I

I - Қазбек Сапенов (Атырау облысы)

III - Сабыржан Әбілов (Қызылорда облысы), Нұртас Ажбенов (Ақтөбе облысы)

69 келі

I - Ахмад Гуссун (Сирия)

II - Алмасбек Әлібеков (ОҚО)

III - Мирас Нығметов (Атырау облысы), Бекболат Құрамысов (Алматы облысы)

75 келі

I - Одилжон Аслонов (Өзбекстан)

II - Амандық Манашев (Атырау облысы)

III - Ықтияр Шабданбаев (Қырғызстан), Илияз Ахматалиев (Қырғызстан)

81 келі

I - Наурызбек Сағымбаев (Қарағанды облысы)

II - Садам Эльбиев (Ресей)

III - Тимур Ержанов (ШҚО), Дәурен Мұхамбеджанов (Атырау облысы)

91 келі

I - Иллин Гусун (Сирия)

II - Мұхамеджан Еркін (ОҚО)

III - Батырхан Ғаббасов (Атырау облысы), Мағжан Базарбай (Маңғыстау облысы)

+91

I - Мұхамед Мулайез (Сирия)

II - Манаф Асаад (Сирия)

III - Есенаман Шунғарин (Атырау облысы), Нұржан Бекзатов (ОҚО)